Әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында Семей қаласының әкімдігінің қаулысын заңсыз деп тану және оны бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, талапкер бау-бақша егу үшін Семей қаласының әкіміне жер учаскесіне меншік құқығын беру туралы өтінішпен жүгінгені анықталған. Оған сұратып отырған жер учаскесі бау-бақша алабында қарастырылмаған және басқа жер учаскелерге өту жолдарына кедергі жасап жалпы пайдалануға залал келтіретініне сілтеме жасап, жер учаскесіне меншік құқығын беруден бас тартылған. Осы шешіммен келіспей, талапкер әкімдіктің қаулысын заңсыз деп тану және оны бұзу туралы арызбен жүгінген.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабы 6 тармағына сәйкес, жер учаскесiне құқық беруден бас тарту жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен ресiмделедi және оның нақты қолданыстағы материалдық құқық нормаларға сілтеме жасалып, дәлелдi себептерi көрсетiлуге тиіс.

Алайда, аталған қаулыда қолданыстағы заңнамаға сілтемелері көрсетілмеген. Сонымен қатар, растайтын деректерсіз жер телімі жалпы пайдалануға залал келтіру туралы қорытынды алдын-ала жасалған.

Сот шешімімен арыз қанағаттандырылды. Шешім бойынша Семей қаласы әкімдігінің бау-бақша егу үшін жер учаскесіне меншік құқығын беруден бас тарту туралы қаулысы заңсыз деп танылып, бұзылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі