«Қазақстан» тауына көтерілу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Судьялар Одағының ШҚО бойынша филиалы  Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында  салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының судьялары мен «ШҚО бойынша Соттар Әкімшісі» РММ-нің қызметкерлері Өскемен қаласының көрікті жерлерінің  бірі «Қазақстан»  тауына көтерілді.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы»- деп атап өткен.

Заманауи мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі -  халықтың денсаулығын жақсарту және салауатты өмір салтын ұстану болып табылады.

 Өскемен қаласының көрікті жерлерінің бірі болып табылатын, тауда орналастырылған «Қазақстан» жазуы теңіз деңгейінен 522 м., қаладан 260 м. биіктікте тұр.  Мұнда  көлемі 6*12 м. мемлекеттік ту орналасқан, жиегі плиткалармен төселген, алтын түске боялған кең баспалдақтар жарты дөңгелек амфитетарт түріндегі байқау алаңына әкеледі.  Тауға көтерілудің ара қашықтығының ұзындығы 1500 м. болса, биіктігі 400-500 м. жуық.

Аталған шараның қорытындысында Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы К.М.Чакпантаев қатысушыларды құттықтай отырып, жеңімпаз судьялар: Е.У.Садыковқа, А.С.Салимовқа, А.И.Лукьяновқа, К.А.Дегенбаевқа, Б.К.Тайтөлеуовке, Е.Акымбековке,  И.Н.Дорошға, Л.А.Побиахаға А.В.Володкинаға, К.А.Бекишеваға, К.С.Манакаеваға, М.Ч.Токушеваға, Г.С.Нұркешеваға; мамандар: Д.Д.Дамироваға, К.Ю.Рагозинаға, З.П.Фатхутдиноваға,  С.Е.Нұртазинге,  А.А.Байгереевке, Ж.Е.Арғымбаевқа бағалы сыйлықтар мен мадақтама хаттар табыстады.

Шараның соңы мемлекеттік әнұранның орындалуымен аяқталды.

Қатысушылар шараға қатысқандары үшін керемет әсерге бөленіп, облыстық соттың басшылығы мен Судьялар Одағының ШҚО бойынша филиалына судьялар мен сот қызметкерлерінің денсаулықтарының рухани, әрі физикалық жағынан дамуына бағытталған шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі