Электр энергиясын заңсыз өшірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында электр беру желілерінен ажырату бойынша іс-әрекеттерін заңсыз деп тану және моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа «Мурат 1,2» ӘБТК-нің төрағасына жүгіне келе, жауапкер оның тұрғын үйіне қарыз болмағанына қарамастан және ешбір түсінікті себепсіз электр энергиясын беруді тоқтатқанын көрсеткен. «Семей, Мурат, Доверие» ҚБ-нің электр желілеріне қосу бойынша келісімнің жоқтығынан электр энергиясын беру тоқтатылған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі –АК-нің) 380 бабының талаптарына сәйкес, азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi.

Бірлестіктің келісімі болмаған себептерімен электр энергияны өшіру немесе беруді тоқтату АК-нің 490 бабымен көзделмеген.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Саяжай учаскесіне электр энергиясын беруді тоқтату бойынша жауапкердің іс-әрекеттері заңсыз деп танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі