Бесқарағай аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотының төрағасының м.а. А.Калиев, сот қызметкерлерімен, Бесқарағай  аумақтық сот орындаушылар бөлімінің  аға сот орындаушысы Р.Е. Кабеновамен және  «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің арнайы шақырылған тілшісі Л. Шахворостованың қатысуымен  «Орындалмаған сот актілері» тақырыбына семинар өткізді.              

Бесқарағай аудандық сотының төрағасының м.а. А.Калиев Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес соттың бәрі шешімдері, үкімдері мен өзге де қаулылары Қазақстан Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар екенін, яғни соттың заңды күшіне енген актілері орындалуға міндетті екендігін атап өтті. Сот актілерінің уақытылы орындалмауы соттың шығарған шешімінің құндылығын жоғалтатынын айтып, орындалмаған сот актілерінің саны мен оларды орындауға кедергі келтірген себептерін, сот шешімдері, үкімдері мен қаулыларының уақытылы орындалу мақсатында сотпен қолданылатын іс шараларына тоқталды.                                                           

Жиын барысында  Бесқарағай  аумақтық сот орындаушылар бөлімінің  аға сот орындаушысы Р.Е. Кабенова қазіргі уақытта мемлекет пайдасына өндіру туралы қаулылардың орындалуына басты назар бөлініп отырғанын, аталған сот актілерін орындауға нақты жұмыстар жасалып, атқару өндірістері дереу орындауда екенін айтты.                                                                                    

Іс шарада сот актілерін орындау кезінде туындайтын қиыншылықтар туралы сұрақтар да ортаға салынды. 

Шараны қорытындылай келе, Бесқарағай аудандық сотының төрағасының м.а. А.Калиев қатысушыларға алғысын білдірді.

 

Бесқарағай  аудандық сотының

баспасөз қызметі