Зырян ауданының №2 аудандық сотында «Мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Сагандыкова кеңсе қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызметкерлерінің кызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары»  тақырыбында семинар өткізді.

Өз сөзінде А.К.Сагандыкова мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс екенін, яғни, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тырысу керегін айтып өтті.

Семинар барысында, ШҚО бойынша соттар әкімшісі басшысының м.а. А.Е.Хайрулинованың  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттардың мемлекеттік қызметкерлері бойынша  жүргізілген мониторинг қорытындысы  бойынша жолданған хатпен сот қызметкерлері танысып, хатта көрсетілген кемшіліктер қызметкерлердін назарына жеткізілді.

Семинардың соңында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодескі талаптарын  қатаң сақтау бойынша және өздерінің әлеуметтік желі парақтарында мінез-құлық стандарттарының талаптарын сақтау бойынша  ұсынымдар берілді.

 

Зырян ауданынң №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі