Зырян аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында құқықтық мәдениетті насихаттау, сот жүйесіне қолжетімділікті және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараға қаланың және ауданның тұрғындары қатысты.

Аудандық соттың төрағасының міндетін атқарушы А.К.Садыкова  келушілерге аудандық сот қызметінің негізгі бағыттары туралы, ашықтық және соттың жариялау қағидаларын сақтау, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық өкілдермен өзара іс-қимыл туралы айтып өтті.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі