Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалғаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында азамат К.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 611-бабының екінші бөлімі бойынша әкімшілік ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат К., «Toyota Carina «E» автокөлігін басқара отырып, жол жиегінде тұрған «Lexus RX-330» автокөлігіне соғылысып, жол көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден кетіп қалған.

Істі қарау кезінде құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындап, өкінішін білдіріп, қақтығыс абайсыздан болғанын түсіндірді.

Сот қаулысымен К., әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының

 баспасөз қызметі