Жекеше қаулы шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай  аудандық сотында азамат  Ж-ға. қатысты әкімшілік ісі қаралды.                                                                                                            

Сотпен Бесқарағай АІІБ-нің ЖППВ полиция капитанымен 2017 жылы 13 сәуірде Ж-ның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің салақтығынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, аудандық сотқа ӘҚБтК-де көрсетілген мерзімнен кейін, яғни 2017 жылы 14 маусымда жолданылғаны анықталды.                                                                                     

Келешекте заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімі бастығының атына жекеше қаулы шығарылды.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі