Ұрлық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігі, 3 тармағымен қылмыс жасаған Қ-ға қатысты (тұрғын бөлмеге заңсыз кiрумен ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Қ. бұрын ерлі-зайыпты болған күйеуінің үйіне келіп, үйде ешкім жоқ екендігін біле тұрып, дәліз бөлмесіндеге терезесіндегі тұрған ағаш тақташасын алып, ноутбукты жымқырған. Ұрланған затымен Қ. сол жерден бой тайсалып, жәбірленушіге 80 000 теңгеге материалды залал келтірді. Келтірілген залал толығымен өндірілді.

Сот үкімімен Қ. кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі