Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинарға Таврия сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы В.Казак, Таврия полиция  бөлімінің кеңсе маманы Г.И.Волощенко, Таврия ауылдық халыққа қызмет көрсету  бөлімінің маманы И.И.Корнева, Таврия ауылдық әкімдігінің бас маманы З.Касымова және аудандық соттың қызметкерлері қатысты.

Шара барысында соттың кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Махатов «Сот кабинеті» – Қазақстан Республикасы сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе екенін. Аталған жүйе арқылы әкімшілік хаттама жасақтауға уәкілетті органдардың әкімшілік істерді жолдауға мүмкіндігі бар екенін атап көрсетті.

Одан басқа соттың жетекші маманы А.Бигаримова «Сот кабинетімен әкімшілік істерді жолдау» жүйесінің тәртібімен  таныстырды. Аталған жүйе қызметі Қазақстан Республикасының сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жолдауды автоматтандыру арқылы қамтамасыз етуге арналған, яғни, қосымша уақытты, материалдық ресурстарды үнімдейді. 

Семинар соңында қатысушылар өз-ара пікір алмасты.

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі