Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Медиация Заңының қолданылуы аясы туралы» дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Іс-шараға аудандық сот төрайымының м.а. А.Байжуменова, прокурор Б.Аманов, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Б.Наурызбаев, адвокат Р.Камидулинов,  кәсіби емес медиатор К.Омаров қатысты.

Шараны сот төрайымының м.а. А.Байжуменова ашып,  еліміздің барлық өңірінде атап өтілген «Медиация күні» мерекесімен  құттықтап, «Медиация туралы Заңының қолданылуы» тақырыбында баяндама жасады. 

Жиын барысында сөз алған А.Байжуменова өз баяндамасында: «Медиация – даулы мәселелердің соттан тыс, бейтарап, даудың шешілуінде қызығушылығы жоқ, үшінші тарап – медиатордың қатысуымен шешіледі. Медиация рәсімі кезінде дауға қатысатын тараптар медиатордың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, өзара қолайлы шешімге келеді. Даулы мәселенің шешілуі толық тараптардың еркіне байланысты. Медиацияның ерекшеліктері болып,  бұл рәсім икемді әрі бейресмилі болып табылады.  Медиацияда кімнің кінәлі әлде кінәлі еместігі анықталмайды. Медиацияның басты мақсаты – пайда болған түсініспеушіліктердің сындарлы шешімін табу», - деп атап өтті.

Талқылау қорытындысында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта аталған заңды жұмыста тиімді пайдалану керек деп шешті.

 

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі