Тұтынушының құқықтары қорғалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотымен қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа жеке кәсіпкерге талап арызбен жүгіне келе, соңғысымен жасасқан сатып алу-сату келісімге сәйкес 45 жұмыс күннің ішінде жатын орынға арналған жиһазды дайындап, жеткізіп және сатуға міндеттелгенін көрсеткен. Талапкер ол үшін 430 мың теңгені құрайтын ақысын төлеп қойған. Алайда, белгіленген мерзімде кәсіпкер тауарды жеткізбей, талапкердің қарызды қайтару қарсылығына ішінара 70 мың теңге берешекті қайтарып, қалған қарызды қайтарудан бас тартқан.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 440 бабы 3 бөлігіне сәйкес, алдын ала төленетiн ақы сомасын алған сатушы өзiнiң тауар беру жөнiндегi мiндетiн белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайларда сатып алушы одан ақы төленген тауарды берудi немесе сатушы бермеген тауар үшiн алдын ала төленген ақы сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

Сонымен қатар, заң шығарушымен бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылып, талаптарға сәйкес тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс, бұл туралы Кодекстің 353 бабында тікелей көрсетілген.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Жауапкерден талапкердің пайдасына 360 мың теңге қарыз, 81 мың теңге тұрақсыздық айыпақы сомасы және 5 мың теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі