Тұрғын үйден шығару дауы медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотымен тұрғын үйден шығару талабы бойынша азаматтық ісі медиация тәртібімен реттеліп, өндірісі қысқартылған.

Істің мәнінде азамат Ч. жауапкерге жоғарыда көрсетілген талаптармен жүгінген, ол 2003 жылдың 26 тамызындағы сатып-алу шарты негізінде Ново-Ульбинка ауылында орналасқан тұрғын үй және жер телімі оның жеке меншігінде екендігін, ал қазіргі уақытта ол үйде онымен бірге қызы Ч. бірге тұратындығын, және қызы оны сыйламай, балағаттап, ұрып-соғатынын, ал үйден шыққысы келмейтінін көрсеткен. Жаупкерді үйден шығаруды сұраған.

Алайда, азаматтық істі сот мәжілісінде қарау барысында Глубокое аудандық соты судьясымен медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды реттеу туралы келісімге қол жеткізіп, өзара келісімге келді. Келісім бойынша талапкер Ч. талабынан бас тартты, яғни үйден шығарудан, ал жауапкер Ч. талапкерге қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексімен, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнамамен қорғау көзделген өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін құқыққа қарсы әрекеттер жасамауға міндет алады.  

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі