«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотында мамандардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Судья Д.Наукенова өзінің баяндамасында сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқармасының тиімділігінің және мемлекеттің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізетінін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміз бен демократиямызға нұқсан келтіреді. Сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керек.

Семинар соңында сот қызметкерлері сотқа қатысушы тараптармен процессуалдық емес қатынастарға  және құқыққа қарсы өзге де әрекеттерге жол бермеу туралы қатаң ескертілді.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі