Сотта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен прокуратура және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға уәкілетті органдардың өкілдеріне арнап «2017 жылғы 3 және 11 шілдесіндегі  заңдарға сәйкес ӘҚБтК-ге енгізілген өзгерістер аясында әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасын қолданудағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша» дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы м.а. С.Жүніспекова Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы баяндады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру кезінде және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотқа дайындау барысында орын алған қателіктер мен кемшіліктерге көңіл аударды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында Кодекстің ерекше бөлігінің кейбір баптары бойынша құқық бұзушылық әрекеттерді дұрыс саралау мәселелері де жан-жақты талқыланды.

 

Күршім ауданының №2

аудандық сотының

баспасөз қызметі