Сот орындаушының заңсыз әрекеттері бұзылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында сот орындаушының әрекеттерін заңсыз деп тану және тыйым салу туралы қаулысын бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

ЖШС сот орындаушының әрекеттеріне шағымданып сотқа жүгіне келе, серіктестіктен қарызды өндіру туралы атқару құжаттардың сот орындаушысында бар болғанын, одан кейін өндірушіге орындаусыз қайтарылғанын көрсеткен. Осыған қарамастан, сот орындаушы атқарушылық өндірістің шеңберінде борышкердің жылжымайтын мүлігіне салынған тыйымды алып тастаудан бас тартқан.

Атқарушылық өндірісі туралы заңнамаға сәйкес, атқару құжаты орындаусыз қайтарылған кезде сот орындаушы талап қоюды қамтамасыз ету шараларын тоқтату бойынша шара қабылдауға тиіс еді. 

Сот шешімімен жеке сот орындаушының іс-әрекеттері заңсыз деп танылды. ЖШС-не тиесілі жылжымайтын мүлікке тыйым салу туралы қаулы бұзылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі