Сот орындаушының әрекеттері заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында сот орындаушының әрекеттерін және әрекетсіздігін даулау туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер Семей қаласының №2 сотының үкімі бойынша әрқайсысына талапкер мен ағасының пайдасына 800 мың теңге аналарының қайтыс болу салдарынан келтірілген моральдық зиян өтемақысы өндірілгенін көрсеткен. Атқару парағы жеке сот орындаушының өндірісіне түсіп, өндіруді бастау үшін 5 айлық есептік көрсеткіш түрінде авансты төлеуді талап еткен.

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 119-бабы, 2-тармағына сәйкес, атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті аванстық соманы енгізуден өндіріп алушылар - қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылған, қылмыстық сот ісін жүргізуде шығарылған шешім бойынша берілген атқарушылық құжатын орындау үшін ұсынған жеке тұлғалар босатылады.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Сот орындаушының аванс ретінде қызметіне ақы төлеуді талап еткен әрекеттері заңсыз деп танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі