«Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті аудандық сотымен "Көкпекті аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ-нің ғимаратында «Сот кабинеті»,«Сот кабинеті арқылы әкімшілік істерді сотқа жіберу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Көкпекті аудандық соты төрағасының м.а. Н.Жаныбекова, сот приставы Б.Куржанбаев "Көкпекті аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ-нің басшысы Г.Абдрасулова мамандар Н.Рахимова, Г.Нигметжанова, А.Толегенова, А.Акчабарова және «Новая жизнь» - «Жұлдыз» газетінің тілшісі Б.Мулукова қатысты.

Н.Жаныбекова  сот кабинеті ақпараттық жүйесі арқылы түсетін арыздар, талап арыздар, өтініштер, әкімшілік істердің тіркеу тәртібін түсіндірді.

Сонымен қатар «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі сервисінің мүмкіндіктері талқыланып, сот приставы Б.Куржанбаев қатысушыларға тәжірибелік оқыту сабағын өткізді.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі