«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы өтініштерді, талап арыздарды тіркеу тәртібі» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының № 2  аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы өтініштерді, талап арыздарды тіркеу тәртібі» тақырыбында,  кеңсе меңгерушісі м.а. А.Махатов және сот кеңсесінің мамандарының   қатысуымен семинар өткізілді.

Аталған іс-шараны кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Махатов ашып, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің қолданудың өзектілігін атап көрсетті. Бүгінгі таңда сот мамандары электрондық ақпараттық сервисімен үздіксіз жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисін аудан бойынша мемлекеттік қіріс басқармасы, аудандық телекоммуникация, коммуналдық қызметтері, мекемелер мен ұйымдардың заңгерлері белсенді түрде  қолдануда.

Электрондық ақпараттық сервисін қолдану арқылы сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру ғана емес, сондай-ақ барлық мемлекеттік және сот органдарының қызметін оңтайландырады.

Семинардың қорытындысында кеңсе меңгерушісі барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі