Сот бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық  сотында ҚК-тің 188-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағымен  (ұрлық) К.-ны айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында, К.-ның Курчатов қаласында орналасқан «Восход» саяжайда  болып, №3 үйде аккумулятор тұрғанын біліп, өзгенің мүлкін жасырын ұрлауға бағытталған қылмыстық ойы туындағаны анықталды. Сотталушы К. саяжай үйінің терезесін алып тастап, үйдің ішіне кіріп, ол жерден «Барс» маркалы аккумуляторды ұрлап кеткен. Өзінің қылмыстық әрекетімен сотталушы жәбірленушіге 25 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.

Соттың үкіміне сәйкес К. ҚК-тің 188-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оның мүлкі тәркіленіп, 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы аталған мерзімге пробациялық бақылау белгілеумен тағайындалды.   

ҚК-тің 44-бабының 1-бөлігі негізінде 200 (екі жүз) сағат мөлшерінде мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

 

Курчатов қалалық сотының

 баспасөз қызметі