Сот азаматтың құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер А.,  Өскемен қаласы әкіміне қатысты қаулыны және жеке меншік құқығын беру туралы актіні заңсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгініп, өзінің талаптарын келесімен негіздеген. 1993 жылғы Өскемен қалалық әкімшілігінің шешімімен «Проектировщик» бау-бақша қоғамының мүшелерінің тізімі жер телімдерімен өмір бойы қолдану құқығын рәсімдеу үшін бекітілген. Бекітілген тізім бойынша талапкердің апайы №90-шы болып көрсетілген.  Өзінің апайы аталған бау-бақша қоғамының мүшесі бола тұра, жер телімен қолданып, үй салып, салықтарды төлеуді жүзеге асырып отырған.  Апайының қайтыс болуынан кейін, талапкер сол жер телімімен ары қарай қолдануды жалғастырып, кейіннен нотариусқа мұраны қабылдау үшін жүгінген. Алайда анықталғандай, аталған жер теліміне құжаттар өкілетті органда тіркелмеген және басқа азаматқа Өскемен қаласының әкімінің қаулысымен жер теліміне жеке меншік құқығын беру туралы акт берілген.

Сот отырысында анықталғандай, жауапкердің заңсыз әрекеттерімен азаматша А.-ның жерді қолдану құқығы тоқтатылды. Ол өз кезегінде мұрагердің мұраны уақытында қабылдауына кедергі тигізді.

Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі