«Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбымен семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинарлық сабағы өтті. 

Катонқарағай №2 аудандық соттың төрағасы м.а. Г.Кудербаева өз баяндамасында   сот қызметкерлеріне сот актілері мен хаттамаларды дер кезінде «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізуді және сот актілерін іс бойынша тараптарға уақытылы беру қажеттігін атап өтті. 

Кеңсе меңгерушісі м.а. Л.Чаймарданова №2 аудандық сотта сот актілері мен хаттамаларының  енгізілу жағдайына ақпарат беріп, сот қызметкерлеріне заңда белгіленген талаптарды және өздеріне белгіленген қызметтік міндеттерін қатаң сақтауды ескертті.   

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.

 

Катонқарағай ауданының № 2  аудандық сотының

баспасөз қызметі