Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дәріс сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 3 тамызында судьялар арасында «Жаза тағайындау» атты тақырыпта дәріс сабағы өтті.

Осы тақырып төңірегінде  «Қылмыстық жаза тағайындаудағы кейбір мәселелері туралы»  2015 жылғы 25 маусымдағы №4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы талқыланды.

Төраға м.а. Е. С. Қоянбаев семинарда баяндама жасап, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулы ережесінің кейбір сұрақтар бойынша түсіндірме жасады.

Сонымен қатар, сот сотталушының жеке басына қатысты мәлiметтердiң жазаның түрi мен мөлшерiн белгiлеу үшiн елеулi мәнi бар екенін назарға ала отырып, оларды жан-жақты, толық және объективтi түрде зерттеуге тиіс екеніне сондай-ақ, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн, еңбекке, білімге көзқарасын, соттылығы және отбасылық жағдайы туралы мәлiметтердi анықтау сондай-ақ, сот жаза тағайындаған кезде ҚК-нің 52-бабының үшінші бөлiгiне сәйкес тағайындалған жазаның сотталушының отбасының және оның асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына ықпалын ескерулері қажет екеніне аса назар аударды.

Семинар соңында қатысушылар пікірлерімен алмасты.

 

Шығыс Қазақстан облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі