Шығыс Қазақстан облыстық сотымен бес полияция қызметкері ақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотының 2017 жылғы 1 шілделегі үкімімен  А.О. Смагулов, Е.Б. Ильясов, А.Е. Кабдолланов, К.М. Болькенов және А.Б. Гадылбеков Өскемен қаласының ІІБ-ның Үлбі бөлімінің жедел қызметкерлері бола отырып, 2016 жылдың 14 шілдесінде түнгі сағат 1-ден кейін қарашылық жасады деген күдікпен ұсталған К.,-ны мойындату мақсатында оған қысым жасағаны  үшін  ҚК-тің 146 бабының 2 бөлігінің 3 тармағы бойынша  3 жылға бас бостандығынан айыруға, 3 жыл көлемінде мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан айыруға сотталған.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 11 тамыздағы қаулысымен бірінші сот сатысы үкімінің күші жойылып, жоғарыда аталған тұлғалар қылмыс оқиғасының дәлелденбеуіне байланысты кінәсіз деп талынып, ақталды. 

Аталған қылмыстық істі облыстық соттың қарауы барысында сотқа дейінгі өндіріс кезінде заттай дәлелдемелерді алуда, сақтауда және сараптамаға жолдауда қылмыстық іс жүргізу заңнамасы нормаларының өрескел бұзылғандығы анықталған және ҚІЖК-нің 112 бабының талаптарына сәйкес, бұл дәлелдемелердің облыстық сотпен қабылданбайтындығы танылған.

Аталған қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинауда және бекітуде заңдылықтың бұзылғандығына назар аудару қажеттігі туралы облыс прокурорының атына бірінші сот сатысымен шығарылған жеке қаулы өзгеріссіз қалдырылды. 

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі