Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамағаны үшін, шетелдік азаматқа айыппұл тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 393-бабымен (шетелдіктің оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу туралы шешімді орындамау) З.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, З. Ресей Федерациясының азаматы бола тұрып, Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келіп, өзінің әке-шешесі тұратын мекен-жайы бойынша көші-қон полиция бөлімінде тіркелді. Тұрған уақытында бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өскемен қалалық сотының шешімімен ҚР заң талаптарын бұзған үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберілді. Алайда, З. сот шешімін орындамаған.

Сот үкімімен З. қылмыстық бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 56 725 теңге көлемінде  айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі