ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және ШҚО білім Басқармасы бітімгершілік рәсімі аясында өзара ынтымақтастық Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды соты татуластыру рәсімдері  аясында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қойған жақтар: ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және ШҚО Білім басқармасы.

Татуластыру рәсімі аясында өзара ынтымақтастық Меморандумы даулы жағдайларды медиация арқылы шешетін қоғамды қалыптастыруға және кәмелетке толмағандардың заңды құқықтары  мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Меморандумның негізгі мақсаты – дауларды шешудің  балама түрін таңдау кезінде медиацияны пайдалану.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бітістіру рәсімдері бойынша алаңдаушылық туғызатын мәселелерге дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, өткізу керек, БАҚ-ның басылымдары мен мақалалары арқылы осы институт жайлы хабарландыруы керек.

Меморандум жасау кезінде ШҚО Білім басқармасы халық арасында татуластыру рәсімдері институты жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге міндеттеніп, кәмелетке толмағандардың заңды құқтары  мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

 

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі