ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және ШҚО әкім аппаратының «Достық үйі»- қоғамдық келісім орталығымен татуластыру рәсімдері аясында өзара ынтымақтастық Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды соты Өскемен татуластыру рәсімі аясында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы және  ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі» - қоғамдық келісім орталығының өкілдері қол қойған.

Меморандумның негізгі мақсаты – ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін медиация дауларды шешетін құралы ретінде пайдалану болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Меморандумға қол қойған жақтар халықты хабарландыруға кеңестік, ағартушылық жұмыс атқарып, талдамалық зерттеулер, ғылыми-тәжіребиелік конференциялар, семинарлар және т.б. жұмыс жүргізу керек.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бітістіру рәсімдері бойынша алаңдаушылық туғызатын мәселелерге дөңгелек үстелдерді ұйымдастырып, БАҚ құралдарына осы институт жайлы хабарландыруы керек.

Меморандумды бекіту кезінде «Достық үйі» қоғамдық келісім орталығы медиаторларға дауларды шешу үшін арнайы бөлмемен қамтамасыз етуге және халық арасында насихаттауға ықпал жаса       йды.

         Меморандум қол қойылғаннан кейін күшіне еніп, қолданысқа енді.

 

Шығыс Қазақстан облысының №2

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі