ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында семинар – тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында сот психологы М.К.Галиева «Алаңдаушылықтан арылу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Аталған семинар-тренингке кеңсе меңгерушісі А.Е.Тусупова, жетекші маман М.Б.Манакбаева, бас маман А.А.Алижанова, іс-жүргізуші А.Е.Жакупова қатысты.

Семинар-тренингте психологиялық шиеленістен арылудың әдістері қолданылды. Атап айтқанда, әңгімелесу, эмоционалды алаңдаушылықтан арылу. Ары қарай, психолог мамандардың дау-жанжал жағдайда мінез-құлық стилі бойынша экспресс-диагностика өткізді. Сонымен әр маманға алаңдаушылықтан арылудың өз тәсілдерін ұсынды.

Семинар-тренинг соңында сот мамандары психологтың ұсынған тәсілдерінен кейін  алаңдаушылықтан оңай арыла алатын болды.

 

 ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық  сотының

баспасөз қызметі