ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологі «Сабырлылық» тақырыбында семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологі «Сабырлылық» тақырыбында семинар өткізді. Аталған семинарға кеңсе меңгерушісі А.Е.Тусупова, жетекші маман М.Б.Манакбаева, ісжүргізуші Л.Е.Жакупова, сот приставы Е.Мамырбеков қатысты.

Психолог сот мамандарының «сабырлылық» деңгейін тексеру үшін тест жүргізді. Жасалған тесттің қорытындысының мәнін ашып, мамандардың сабырлылық деңгейін анықтады. Сондай-ақ психолог күйзелістің адамдардың жұмысы мен денсаулығына әсерін айтып шықты. Адамдардың өздерін күйзеліс жағдайлардан сақтау маңызды екенін атап айтты. Сонымен қоса, үй шаруасы мен қызметтік шаруаны ажырата білу маңыздылығын көрсетті.

Семинар соңында мамандар күйзелістен арылып, жұмысқа позитивті бел бұрды.

 

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық  сотының

баспасөз қызметі