ШҚО № 2 кәмелетке толмағандырдың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дау пилоттық жоба аясында реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотында баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы туралы іс қаралды.

Баланың әкесі сотта,  жауапкермен 2010 жылдан 2016 жылға дейін заңды некеде тұрғанын және ортақ некеден 2009 жылы туған В, есімді қызы бар екенін жеткізді. 2016 жылы олар некені бұзған, бірақ қызының тұрғылықты жерін анықтау туралы өзара келісімге келмеген. Қызының әкесімен тұрғанын дұрыс деп санайтынын түсіндірді.  

Сот отырысында тараптардан дауды медиация тәртібімен шешу туралы өтініш түсті.

Татуластыру рәсімдері барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Келісімнің шарттары бойынша қызы В, анасымен тұрады. Тараптар баламен араласу тәртібін өзара келісу арқылы шешуге келісті.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің сотпен сот  отырысында бекітілуіне байланысты өндіріс іс бойынша қысқартылды.

Талапкермен мемлекеттің кірісіне төленген 1 135 теңге сомадағы  мемлекеттік баж қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі