ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкесі баласын 9 жылдан кейін мойындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотына кәмелетке толмаған баланың анасы әкелікті тану және алиментті өндіру туралы арызбен жүгінді.

Баланың анасы сот отырысында жауапкермен 2007 жылдың қараша айынан 2011 жылдың ақпан айына дейін бірге тұрғандарын, 2008 жылдың тамызында олардың қыз балалары дүниеге келгендігін, алайда жауапкер балаға қатысты әкелікті танудан бас тартқанын, ешқандай материалдық көмек көрсетпейтінін айтып, соттан жауапкерді баланың әкесі екендігін танып, баланы асырауға алимент өндіруді сұраған.

Сот отырысы барысында жауапкер талап арызды жазбаша түрде мойындады.

Сот шешімімен жауапкер баланың әкесі деп танылып, одан қызының кәмелетке толғанға дейінгі уақытқа асырауына ай сайын жалақысының  ¼ бөлігі, сонымен қатар сот шығындары өндірілді.  

Шешім заңды күшіне енді.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі