ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Р. қатысты ӘҚБтК-тің 132-бабының 1-бөлігінде көрсетілген (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені үшін әкімшілік іс қаралды.

Р. «Sony Playstation» интернет салонында әкімші ретінде жұмыс істеп жүріп, түнгі уақытта сағат 22.00 кейін 2000 жылы туған кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінсіз жүргеніне жол берген.

Сот отырысында Р. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, алдағы уақытта ондайға жол бермейтіндігін айтты.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат Р. кінәлі деп танылып, оған 30 МРП – 68 070 тенге  әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік өндіріп алу салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі