Шетел азаматтары көші-қон саласы бойынша тексеру барысында тіркеу кезіндегі көрсетілген мекенжайда тұрмағаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінен түскен ӘҚБтК-нің 517-бабының, 2-бөлігімен жинақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 әкімшілік іс қаралды.

Өзбекстан Республикасының азаматтары көші-қон саласы бойынша тексеру барысында тіркеу кезіндегі көрсетілген мекен-жайда тұрмағаны анықталды.

Сот, құқық бұзушылардың түсінігін, прокурордың оларға әкімшілік шара ретінде қамаққа алуды сұраған қортынды сөзін тыңдап, іс қағаздарымен танысып, әрекетінде ӘҚБтК-нің 517-бабының, 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы бар деп, яғни шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу кезіндегі көрсетілген мекенжайда тұрмауынан көрінген Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы деп санайды.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде (Нью-Йорк, 1966 ж. 16 желтоқсан) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91 Заңымен ратификацияланған, 2006 жылғы 24 сәуірде күшіне енген, 14 бабының 1 бөлігінде көрсеткендерді, қосымша, осы халықаралық пактің 19 бабының 1 бөлігін, ӘҚБтК-нің 55 бабына сәйкес жеке тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiп және Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 821-823 баптарын басшылыққа алып, олардың әрқайсысын ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігімен әкімшілік жазаға тартып, 1 (бір) тәулікке әкімшілік қамаққа алды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі