Семинарлық сабақ өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотында сот отырысы барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио және бейне жазу құралдарын техникалық қолдану қағидасын оқып үйрену семинарлық сабағы  өтті.

Семинарға кеңсе мамандары мен сот мәжілісі хатшылары қатысты.

Сот отырысының хатшылары сот отырысы барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио және бейне жазу құралдарын пайдаланудың мақсаты мен тәртібіне тоқталды, сондай-ақ, «Төрелік» жүйесіне енгізу, электрондық хаттамамен тараптарды таныстыру және судья мен сот отырысы хатшысының электрондық қолтаңбасын қою, қажеттілігіне қарай көшірмесін жасау мен сақтау тәртібі туралы айтты.

Шара барысында қатысушылар сот отырыстары бойынша үзіліс жариялау, кейінге қалдыру басты сот талқылауын жалғастыру мәселелеріне қатысты сұрақтарды аудио-бейнежазу бағдарламасын қолдана отырып талқылады.

Семинар сабағының соңыңда кеңсе меңгеруші сот отырысының аудио-бейнежазу жұмыстарын жүргізу жауаптылығы толығымен сот отырысы хатшыларының құзырына жатқызылғандығы  туралы  ескертілді.

 

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі