Семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басты міндеттердің бірі» атты тақырыбында семинарлық сабақ  өткізілді.

Семинарлық сабаққа сот және мамандандырылған «Күзет» қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасының м.а. С.Жүніспекова өзінің сөзінде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарын айтып берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары адам мен азаматтың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын қорғауға, заңдылыққа, жариялылық пен ашықтыққа, мемлекет пен азаматтық қоғам бірлестігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі әрі кешенді жүргізуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға шаралар қолдануға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін тұлғаларды ынталандыруға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейтуге бағытталған.

Семинар соңыңда С.Жүніспекова сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке тікелей  төнген қауіп-қатер қатарына қойылғанын, осы қауіпті де келеңсіз құбылыспен  күрес мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіруде  екенін атап өтті.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі