Семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қағидаттары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өтті.                                           

Бас маман Ж.Ермекова өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне» сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын атап өтті.     

Сонымен қатар, семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қарым-қатынастағы және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары жөнінде және 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа негізілген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет» туралы Заңының қағидаттары, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы туралы сұрақтар талқыланды.

 

Бесқарағай аудандық  сотының баспасөз қызметі