Семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы сот актілерін орындауға жолдау» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді. Семинарға сот қызметкерлері    қатысты.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі Г.Шакирова сот отырысының хатшыларын «Қаулыларды, сот актілерін» нұсқаулықпен қосымша таныстырып, сот актілерін орындауға жолдаған кезде электрондық түпнұсқасының әрбір реквизиттерін, яғни өндіруге жататын сомасын, орындалатын кұжат түрін толығымен толтыруды тапсырды. Сонымен қатар,  «Төрелік» АЖ бағдарламасында «Сот ісін  жүргізу» бөлігінің «Сот актілерін орындау» журналында атқару құжаттардың мәртебесі бойынша «қозғаудан бас тартылды», «орындалмай  қайтарылды», «орындалуда» бөліктері арқылы бақылауды жүргізуге болатынын айтты. 

СоНымен қатар, кеңсе меңгерушісі сот отырысының хатшыларына сот актілерін орындауға қалай жіберілетінін нұсқаулыққа сәйкес «Төрелік» АЖ бойынша көрсетіп түсіндірді.

Семинарлық сабақ соңында сот қызметкерлері пікірлерімен алмасты. 

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі