«Рухани жаңғыру» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасың м.а. Е.С. Қоянбаев  судьялармен сот мамандардың қатысуымен «рухани жаңғыру» атты тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Сот төрағасы Елбасымыздың алға қойған мақсатының бірі ол: мемлекетіміздің жаһандық бәсекеге жарамдылығын барлық Қазақстан халқының рухани дамуы мен бәсекеге жарамдылығы арқылы жету деп атады.

Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асыру қажет жаһанданудың негізгі бағыттары мен нақты жобалар талқыланды.

«Қазақстанның қазіргі заманның жастары» – ең маңызды саяси және әлеуметтік өзгерістер кезінде туып өскен ұрпақтарымыз.Сол себепті бүгінгі күні халқымызға тән, рухани құндылықтарға аса көңіл бөлуіміз қажет. Дағдарыстар кезеңінде, өз халқының рухани бірлігінің арқасында ғана мемлекет бірлігін сақтайды. Соның бірі біздің ел – Қазақстан Республикасы.

Қатысушылар семинар тақырыбы бойынша пікірлерін білдіре отырып, сұрақтар қойып, пікір таласты. 

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі