Риддер қалалық сотында сот аймағына және ғимаратына келушілерді өткізу режимінің қамтамасыз ету ережерелері» атты тақырыпта семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында «Сот аймағына және ғимаратына келушілерді өткізу режимінің қамтамасыз ету  ережерелері» атты  тақырыпта семинар өтті.

Семинар сабағын өткізудегі басты мақсат – сот ғимаратына өту режимін сақтау және нығайту, жемқорлық туралы заңнамасын сақтау.

Аталған шараға Риддер қалалық сотының кеңсе меңгерушісі м.а.  З.К. Жунусова, Риддер қалалық сотының сот ғимаратында өз қызметін атқаратын взвод полицейлері А.С. Асылбеков, Н.М. Ибрайханов, Б.А. Хакимжанов   қатысты.

Кеңсе меңгерушісі м.а. З.К. Жунусова  «Бүгінгі күні жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері өзекті болып саналады. Жемқорлыққа жол бермеу мақсатында сотта  шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді», - деп атап өтті.  

Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылар сот ғимаратына өту және объектінің ішіндегі режим ережесінің талаптарын орындау мәселелерін талқыға салды. Оның ішінде, жеке және заңды тұлғалармен қызметтік емес байланыстарды жою талаптары, өз әрекетінің барлық формаларында бедел түсіретін жағдайларды болдырмауды қадағалауды қатаң тапсырды.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі