Риддер қалалық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотының төрағасы м.а. М.К. Тоқжанов «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға Риддер қалалық сотының судьялары қатысты.

Тоқжанов М.К. өз сөзінде, қазіргі уақытта Қазақстандағы гендерлік саясат Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарылып жатқанын айтты. Конституцияның 14-бабының, 2-тармағында «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп атап өтті. Қазақстан БҰҰ–ның және тағы басқа әйелдердің құқықтарын қорғайтын халықаралық ұйымдардың Конвенциялары және Декларацияларына қосылған, соның нәтижесінде әйелдердің саяси құқықтарының іске асырылуы мен жасырын және ашық гендерлік дискриминацияны жеңу жұмысының ахуалы  жоғарылағанын атап өтті.

Семинарға қатысушылар тақырып бойынша пікірлерін білдіріп, Қазақстандағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері, басымдылықтары мен міндеттерін айқындады.

 

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі