Риддер қалалық сотында ерлі–зайыптылардың мұрасын қабылдау және ортақ үлесін бөлу туралы дау медиациямен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотына талапкер М.  жауапкерлер Р. мен Ж-дан ерлі–зайыптылардың мұрасын қабылдау  және ортақ үлесін бөлу туралы талап арызбен арызданған.

2015 жылдың 4 сәуірінде  талапкердің анасы қайтыс болған. Ол 2017 жылдың 7 сәуірі күні қайтыс болған  азамат Т.-мен заңды некеде тұрған. Ата-анасы бірге өмір сүрген кезде жылжымайтын мүлік яғни, Риддер қаласында 95 квартал, 32-ші тұрғын үйді шаруашылығымен және жер телімімен бірге сатып алған.  Анасы қайтыс болғаннан кейін әкесі екеуі үйдің 1/2 үлесін қабылдаған, бірақ анасының үлесі ресми түрде тіркелмегендіктен куәлік жасатпаған. Талапкер ерлі-зайыптылардың ортақ 1/2  үлесін анықтап, шешесінің үлесін мұра ретінде қабылдау фактісін анықтауды сұраған.

Сот отырысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртiбiмен реттеу жөніндегі келiсiмді бекітіп беруді сұрады. Аталған келісім талаптарына сай  талапкер М. жауапкерлер Р., мен Ж.-ға мұрагерден қалған жылжымалы мүлік 2013 жылғы Лада автокөлігін берді. Жауапкерлер Р.мен Ж. 2017 жылы 7 сәуірде қайтыс болған Т.-дан қалған мұрадан бас тартады.

Жасақталған медиациялық келісім тараптардың және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын және заңға қайшы келмейтінін ескеріп, сот аталған медиациялық келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі