«Процессуалдық құжаттарды және сот отырысының хаттамасын дайындау тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Процессуалдық құжаттарды және сот отырысының хаттамасын дайындау тәртібі» тақырыбына сот мамндарының қатысуымен семинар өткізілді.

Сот отырысының хатшысы А.Закенов баяндама жасады. Баяндамада хаттама – процестік әрекет тіркелетiн процестік құжат екенін, сот отырысының хаттамасының маңыздылығын, сот отырысы дыбыс -, бейне жазба құралдарын пайдалану арқылы өткізілген жағдайда қысқаша хаттама жасау жөнінде айтты.

 Сонымен қатар, семинар барысында баяндамашы сот мәжілісінің хаттамасына төрағалық етуші мен хатшының қол кою қажет екендігін, сот отырысының дыбыс, бейне жазбаларымен таныстыру тәртібін, олардың дискіге дұрыс әрі толық жазылғандығын бақылау қажет екенін  айтып өтті.  

Семинар соңында қатысушылар пікірлерімен алмасып, сот отырысының хаттамасы жөніндегі нормаларын  сақтау қажет екеніне баса көңіл аударылды.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі