«Отбасы-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылық істері бойынша медиацияны қолдану» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Отбасы-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылық істері бойынша медиацияны қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға судья Г.Кудербаева, Катонқарағай кенттік полициясының учаскелік инспекторлары мен сот қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағында судья Г.Кудербаева баяндама жасап, медиация – даулы мәселелерді шешудің кілті екенін, екі тарапты да қанағаттандыратын өзара тиімді, бейбіт келісім және даулы мәселелердің көлемінің азаюын, даулардың сотқа дейінгі шешілуін қамтамасыз ететінін, яғни, тараптардың уақыты мен қаржыларын үнемдейтінін айтып өтті. Отбасы-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылық істері бойынша медиация рәсімін қолдану бойынша түсіндірме жасады.

Семинар соңында қатысушылар Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолданудың тиімділігі туралы  пікір алмасты.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі