Өскемен қаласының тұрғыны өзінің анасының пәтерінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен М-қа қатысты ҚК-тің 307-бабының 1-бөлігі (заңсыз ашу ойын бизнесі саласындағы қызметті ұйымдастыру, ойын бизнесі) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, М. 2016 ж. ортасында покер ойына керекті жабдықтарын алып, өз анасының  пәтерінде құмар ойындарын ұйымдастырды. Атап айтқанда, М. құмар ойындардың қатысушыларынан 10 000 теңгеден бастап  20 000 теңгеге дейін ақша қаражатты жинап, оның орнына әр түрлі номиналды бірліктердің ойын фишкаларын беріп отырды. Содан кейін, барлығы «покер» ойынына кіріскен. Ойның ұтысына байланысты 50%, 30%, 20% ақша қатынасын алып отырған. Сонымен бірге, М. ойынды ұйымдастырғаны үшін жиналған сомасының 10%-ын алып отырған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлерімен «жедел сатып алу» өткізіліп, М.-ның заңсыз қызметі әшкерленді.

Сот үкімімен М. кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз 500 АЕК түрінде айыппұл мөлшері тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2

сотының баспасөз қызметі