Өскемен қаласының тұрғыны 3 миллион теңгеге жуық алтын әшекейлерді алдау жолымен жымқырған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағымен  (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың желтоқсан айының аяғында С. зергерлік бұйымдарды сату бөлімінің сатушысы ретінде жұмысқа орналасты. Өзінің қызметтік іс әрекетін жүзеге асыру барысында, алтын әшекейлерді ұрлауға қылмыстық жоспар әзірлеген. Жоспар бойынша, С. Өскемен қаласының зергерлік бөлімдерінің бірінде алтынмен жалатылған 2 күміс алқа алып, оларды өзінің үйінде сақтаған. Сосын, жұмыс аяқталу уақытында,  бұрын өзімен сатып алған күміс әшекейлерге ұқсас келетін дүкен сөресінен екі алтын алқаны алған. Содан кейін, өзінің жалдамалы пәтерінде аспаз пышақтың жүзі арқылы, ұрланған алтын алқалардың пломбаларын ашып алып, оларды алтынмен жалатылған күміс алқаларға тағып қойған. Кейін оларды сөредегі алтын алқалардың орнына күміс алқаларға ауыстырған. Осы жоспар бойынша С. 2017 жылдың ақпан айының аяғына дейін 13 алтын алқа, 4 жұп сырға, 1 алтын сақинаны жымқырған. Ұрланған алтын бұйымдарды үшінші тұлғаларға өткізіп отырған. С. өзінің қылмыстық іс әреттерімен жәбірленушіге 2 896 2000 теңге залал келтірген.

Сот үкімімен, С. алаяқтық іс әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеусіз, өтеу жазасы орта қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде 3 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды. Жәбірленушіге келтірген материалдық шығынды өндіру туралы талап-арыз толығымен қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі