Өскемен қаласының төрт тұрғыны ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында  4 тұлғаға қатысты  ҚР ҚК-нің 307-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағына (ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасындабелгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру) сәйкес қылмыстық іс қаралды.

2016 жылы азамат Д., Өскемен қаласының аумағында ойын бизнесінің саласындағы қызметті, яғни  арнайы құрылғыларда лотерейлық ұтыс ойындарын жүргізіп, таратуды ұйымдастырғаны сотта белгілі болған. Лотерейлық  бизнестен табыс табу үшін және бұл бизнестің қарқынды түрде дамуы үшін Д., азамат Ю-ді  жұмысқа алды. Оның   міндетіне ойын  терминалдарына қызмет көрсету, мамандарды таңдау, Өскемен қаласының аумағында ойын терминалдарын  орналастыру жатқан. Ю. Д-нің нұсқауымен ойын терминалдардың инкосациясын жүргізу және техникалық қызметін көрсету үшін ақпан айында жұмысқа Я-ны және Т-ны шақырды. Өскемен қаласының аумағындағы қызметті жалпы қадағалау  және ойын терминалдарды орналастыруға орындарды табу үшін Д. жұмысқа А-ны алды. Аталған тұлғалар Өскемен қаласының сауда орталықтарында вендингтік аппараттарды орнатып, ойын бизнесі саласында қызметтерін жүзеге асырған. 2016 жылдың қараша айынан бастап ойын бизнесі саласында қызмет жүргізу заңсыз екенін біле отырып, олар арнайы рұқсаттары жоқ болғанымен бұл саламен айналысқан. Құқыққа қарсы қызметпен шұғылдану нәтижесінде  жоғарыда аталған тұлғалар 21 505 350 теңге табыс көрген.

Сот шешімі бойынша  облыс орталығының 4 тұлғасы қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, олар 3 жыл 6 ай мерзіміне мүліктерін тәркілей отырып шартты түрде бас бостандықтарынан айрылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі