Өскемен қаласының №2 сотында сот төрағасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жиналыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының № 2 сотында судьялардың қатысуымен «Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында жиналыс өтті.

Өскемен қаласының №2 сот төрағасы Г.Адильбаева өз сөзінде сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жүйелі  және жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2017жылдың 2-ші жартыжылдығына   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіткен. Аудио-бейне жазуды толығымен  пайдаланып, сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында судьяларға істерді тағайындау автоматты түрде бөлу жүзеге асырылады. Сот төрелігін оңайлатылған заңнамасының мақсаты мен түсіндіруге, сондай-ақ жұртшылықтың ақпарат құралдарын пайдалана отырып жүргізілуде. Жыл сайын судьялар қаржылық бақылау шарасы болып табылатын табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырады.

Кездесу соңында сот төрағасы Г.Адильбаева судьялар қатаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шектеулерді сақтауға, алдын алу және мүдделер қақтығысын шешу керектігін атап  айтты.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі