Өскемен қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында сот актілерін орындау барысында проблемалық сұрақтарды талқылау бойынша кезекті дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысында соттың бас маманы Д. Кашкинбаева, сот отырысының хатшылары Ж. Тусупова, Ж, Мужубаева, Өскемен қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры Т.Аленчинов, ШҚО жеке сот орындаушылар палатасының өкілі С. Бақтияров, Өскемен қаласы бойынша әкімшілік айыппұлдарды және үкімдерді өндіру бойынша территоралды бөлімінің филиалының сот орындаушысы М.Н. Калмуратов қатысты.

Іс-шара кезінде 2008-2016 жылдар аралығында қылмыстық істер бойынша мүлікті тәркілеу бөлігінде, негізгі жаза айыппұл, атқару парақтарын негізсіз қайтару бөлігінде орындалмай жатқан сот актілері бойынша проблемалық сұрақтар талқыланды.

Шараны аяқтау барысында, прокурорға өзінің қадағалау тәртібінде сот тарапынан орындауға жолданған атқару парақтарына, бірақ сол атқару парақтары сот орындаушыларының өндірісіне түспегендіктеріне тексеріс жүргізуге ұсыныс ұсынылды.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі