Өскемен қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы М.Кислова «Мой город» облыстық газетінің тілшісі Р.Кудиновтың қатысуымен әйелдерге қатысты дискриминациялаудың барлық формасын жою туралы Конвенциясының насихаттау жөнінде брифинг өткізді.

Соттың судья М.Кислова өз сөзінде, әйелдерге қатысты дискриминациялаудың барлық формасын жою туралы БҰҰ Конвенциясы әйелдердің құқықтарын қорғау мақсатында 1979 жылы 18 желтоқсанда қабылданып, 1981 жылы 3 қыркүйекте күшіне енгендігін атап өтті. Қазақстан Республикасында бұл конвенция 1998 жылы 29 маусымда ратификацияланған.

2000 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында осы конвенцияға сүйеніп, Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық күш қолдануға қарсы жою туралы Халықаралық күн деп жарияланды.

Брифинг соңында судья М.Кислова 2017 жылдың 7 айының статистикасының есебінің қортындысы бойынша 81 қылмыстық іс бойынша жоғарыда аталып өткен конвенциясының нормалары қолданылғанын айтты.

 

 Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі