Өскемен қаласының №2 соты төрағасымен брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сот төрағасы Г.Адильбаева жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен  қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық-атқару заңнамаларына соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі бойынша брифинг өткізді.

Тілшілердің назарына, брифинг барысында қасақана дене жарақатына жеңіл залал келтіру және соққы келтіргені үшін қылмыстық бұзақылық әкімшілік қатарына ауыстырылғанын, жалған кәсіпкерлік қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік алынып тасталғанын, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жағдайда, шығынды ерікті түрде өтесе, бірінші рет қылмыс жасаған тұлғалар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын атап өтті. Сонымен бірге, төтенше жағдай және антитеррористік шараларды өткізу барасында билік өкілдеріне қатысты бағынбау және зорлық-зомбылық танытқан жағдайда жауапкершілік қатайтылатындығы сөз болды. Қылмыстық-процессуалдық кодексінде тергеушінің  прокурордың шешіміне шағымдануына құқығы, тергеу судьялардың қамауға алу кезіндегі өкілеттігі кеңейтілді. Яғни күдікті дәлелдемелерді тексеруге құқылы.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру бойынша қылмыстық кодексте жаңа жазаның қосымша түрі пайда болды. Аталған жазаның түрі аса ауыр қылмыс жасағаны үшін негізгі жазамен қатар қолданылады.

Тілшілер  брифингке белсенді қатысып, заңға жаңа заңнамалар енгізілген жаңа тұстары  бойынша қызығушылық танытып, сот төрағасы Г.Адильбаева тілшілердің заң өзгерістеріне байланысты қойған  сұрақтарына жауап берді.

 

Өскемен қаласының №2

сотының баспасөз қызметі